Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәскеуде де қалың қар жауып, көлік қозғалысы тұралады. Қалада бір тәулікте бір айлық норманың жартысына жуығы түсіп, қардың қалыңдығы 45 сантиметрге дейін жетті.
Елде екінші деңгейлі банктердегі кредиттер жаппай кешіріліп жатқаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылай дейді.
Германияның солтүстігі мен батысында қарлы боран салдарынан көлік қатынасы қиындады. Жолдарда ұзын-сонар кептеліс болып, теміржол мен әуе қатынасы да кідіріп тұр.
Ұландықтар, ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті күзетуге үлес қосады. Мәселен, былтыр жауынгерлер 18 мың тәртіп бұзушыны ұстап, полицияға тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Ақорда бұл тілдесу Израиль тарапының бастамасымен болғанын хабарлады.
Жамбыл облысында биыл 26 мектеп жаңғыртудан өтеді. Көбі 40 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Ескі нысандардағы спорт және акт залдары тар, сыныптар заман талабына сай…
Елімізде сәбіз экспортына үш айлық уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шараның мақсаты – азық-түлік тапшылығын болдырмай, бағаны тұрақты ұстау.