352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім саласына гранттар бөлуге қоғам өкілдері араласады

  • 239
Білім саласына гранттар бөлуге қоғам өкілдері араласады

Бұл білім беруге бөлінген қаражаттың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Осы мақсатта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлескен «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асырмақ. Осыған орай Шымкентте орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарының басшылары, білім басқармасының мамандары бас қосты. Аталаған жобаны жүзеге асыруда қоғам белсенділерінен тұратын департамент жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ жұмыс жасайды. Олар  білім беру гранты мен мемлекеттік тапсырысты бөлуге бекітілген конкурстық комиссия мүшелері жұмысына бақылаушы ретінде қатысады. «Сондай-ақ арнайы мониторингтік топ мүшелері ғана емес, облыс пен Шымкент қаласының тұрғындары да бақылаушы болуға құқығы бар», – дейді сала мамандары. Аталған жобаға қатысуға тілек білдіруші азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінен біле алады.

Әли Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  департамент басшысы:

- Жыл сайын грант бөлінеді. Яғни біздің азаматтарға жеңілдік. Сол гранттың бөлінуінің адалдығын қамтамасыз ету. Адамдарды белгілейді ғой, кімге қай грант түседі деп. Соны біз қоғам өкілдерімен бірге алып тексеруіміз керек. Қараумыз керек. Сосын сұрақтар да туындайды. «Неге анаған берілген, неге мынаған берілмеген?» дегендей. Сосын соны адал жолын шығартуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы