369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау теңіз айлағының мәртебесі өзгерді

  • 88
Ақтау теңіз айлағының мәртебесі өзгерді

Ақтау теңіз айлағы бұдан былай халықаралық маңызы бар нысандар қатарына жатпайды.

Үкімет қаулысына сәйкес бұл өзгеріс 15 жыл күшінде болған шектеуді алып, портты жекешелендіруге мүмкіндік береді. Енді қазақтың ең алғашқы теңіз қақпасы – «Ақтау теңіз-сауда порты» ұлттық компаниясы деп аталады. Жаңа атау берілген кешен стратегиялық тұрғыдан маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Яғни меншіктегі кәсіпорын мемлекеттің бақылауында болып, қызметін одан әрі жалғастыра береді.

Хабар 24 телеарнасы