Арнайы репортаж І Өзбекстан. Зиярат туризм

Шуақты Өзбекстан - көз тоймас сұлулығы, тәмсандырар қалалары мен қонақжайлылығы ғана емес, бұл мәдениеті мен тарихы тереңдегі ел! Қазақ пен өзбек сан ғасырлар ауылы аралас, қойы  қоралас бірге  өмір  сүріп  келе  жатқан  туыс халықтар. Кезінде бір-біріне бауыр болған ұлт, бүгінде шекаралас мемлекеттер. Олардың тарихи байланысы: мешіттер, мұражайлар, рухани орталықтар мен қалалар көптеп кезігеді.