Экономика. ҚР қаржы жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі

Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанда банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты талаптар тізімі мақұлданған. Технология дамыған заман ғой. Қазір хакерлік қауіптің күшейген тұсы. Сондықтан бұл қажеттіліктен, керек десеңіз мәжбүрліктен қабылданған шешім. Оның үстіне бүгінде клиенттердің, яғни сіз бен біздің де қалауымыз көп. Қаржы институттарындағы қаражатымызды қалта телефонымызбен отырып-ақ басқарғымыз келеді. Әрі сол мобильді операциялардың қауіпсіз болуын талап етеміз. Ендеше, ел ішіндегі банктер сол үдеден шыға алды ма? Бүгін осы сауалға жауап беріп көрейік.