Франция президенті Эммануэль Макрон ағылшын тілін Еуропалық Одақтан ығыстыруды жоспарлап отыр. Осылайша француз тілін Одақтағы қоғамдық және саяси институттардың ресми тіліне айналдырмақ. Жалпы 1973 жылы Ұлыбритания блокқа кіргенге дейін француз тілі ресми мәртебеге ие болған еді. Wall Street Journal тілшісі Валентина Поп француз билігі Біріккен Корольдіктің ЕО-дан шығу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын пайдаланып қалуға тырысқанын жазады. Дегенмен қазір ағылшын тілінің ықпалынан арылу қазір блок үшін мүмкін емес сияқты.