Резеңкеден жасалатын қосалқы бөлшектер | Made in KZ

Металл және резеңке. Құрылымы екі түрлі материал дерсіз. Дегенмен, осы екі шикізаттан бүгінде жүз мыңдаған өнім шығарылады екен. Себебі резеңкеметалдық бұйымдар қосалқы бөлшек ретінде кең қолданыста. Бұл өндірістің ерекшелігі де осында. Әлемде техника, машина, аппараттар дами бастағанда бұл өнімге сұраныс артқан.

Енді өндіріске тоқталсақ. Резеңкеметалдық бұйым шығару үшін аты айтып тұрғандай резеңке мен металл арматура қажет. Бұл ең басты шикізаттар. Резеңке таспасын зауыт Италия мен Канададан әкеледі екен. Ол бума ретінде тасмалданады. Ал қажетті металл – хардекс деп аталады. Ол берік болаттың түрі. Қарағандыға хардекс Швейцариядан алынады. 

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Сондай-ақ...