Бүгін Бейжіңде жарыс жолына қазақстандық спортшылардан кімдер шығады?

Бүгін қысқы Олимпиадада қазақстандық могулшылар жарысты бастайды.

Әйелдер арасында Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова және Олеся Граур бақ сынайды. Жарыс елорда уақытымен түстен кейін төртте басталады. Сондай-ақ бүгін могулшы Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков өнер көрсетеді. Ерлер арасындағы сайыс сағат 17:45 басталады.

Айта кетейік, 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы Олимпиадада дәл осы могул спортынан Юлия Галышева қола жүлдегер атанған еді. Биыл да отандастарымыз жеңіс тұғырынан көрінеді деген үміт мол. Қыз-жігіттерімізге жанкүйер болайық!

Сондай-ақ...