Семейде «Әлем мұғалімі» сыйлығынан үміткер тұрады

Семейлік ұстаз Мейрамгүл Жанаспаева «Әлем мұғалімі» сыйлығына ұсынылып отыр.

30 жылдық еңбек өтілі бар ардақты жан бұған дейін Қазақстанның үздік ұстазы атағын жеңіп алған. Оның оқыту тәсілінің ерекшелігі мектеп бағдарламасына экология тақырыбын үйлестіре білген. Осының арқасында өзі жұмыс істейтін білім ордасы «Қазақстанның үздік экомектебі» атағын жеңіп алды. Егер жаһандық байқауда үздік атанып, топ жарса сыйлыққа бір миллион АҚШ долларын алуға мүмкіндік бар.

Мейрамгүл Жанаспаева, мұғалім:

​- «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы мен жаһандық «Әлем мұғалімі» байқауларының басты мақсаты ұстаз мәртебесін жоғарылату. Ал менің жетістігім – біздің мектеп ұжымының ортақ жұмысы, өйткені бұл жобаны әріптес ұстаздармен бірге атқарып келемін. Мектеп кеме, білім теңіз демекші, біздің міндетіміз шәкірттердің жүрегіне жылу сыйлап, бойына жасампаздық қасиеттерді сіңіре білу.