Ғылымды қаржыландыру көлемі 2025 жылға дейін ЖІӨ-нің 1%-ін құрайды

Былтыр 500 мыңға жуық педагогтың жалақасы 25%-ке өсті.

Биыл қаңтар айынан бастап тағы 25%-ке көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Педагогикалық бағытта білім алып жатқан студенттердің степендиясы да екі есеге дейін артты. Ал ғылымды қаржыландыру көлемі 2025 жылға дейін жалпы ішкі өнімнің 1%-ін құрайды. Бұл – Президент тапсырмасы.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Жанар Амандықова 27 жылдан бері ұстаздық етеді. «Президент педагог мәртебесін арттыру туралы бастамаларымен қатар әлеуметтік тұрғыдан да қолдау білдіріп отырғаны ұстазға деген құрмет деп білемін», - дейді жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі.

Жанар Амандықова, математика пәнінің мұғалімі:

- Санат өтіліне байланысты да 30-50%-ке дейін көтеріліп жатыр. Және магистрлік алған жас мамандардың өзінің де 27 мыңдай қосылып, шебер мұғалімдерінің өзінің айлығы 55%-ке көтеріліп жатыр.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Президент пәрмен беріп, елімізде студенттердің де шәкіртақысы 25%-ке өсті. Бакалавр мен магитратура, доктарантура және колледж студенттері бүгінде ұлғайтылған көлемде стипендия алып отыр. Солардың бірі – Нартай Әбдірәш. Жастайынан спортқа ден қойған ол денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын меңгеріп жүр.

Нартай Әбдірәш, студент:

- Бұрын біздің шәкіртақымыз 22 мың теңге ғана болатын. Және осы 22 мың теңге біздің жүрып-тұруымызға, жолақымызға шамалы жетіңкіремейтін еді. Сондықтан кейбір студенттер қосымша жұмыс істеп, оқуға, білімге дұрыс мән берілмейтін. Ал қазір степендиямыз шамалы көбейіп, 54 мың теңге аламыз қазір. Ештеңеге алаңдамай қазір тек білімге ғана барлық ынтамызды қоюдамыз. Кіл сабағы 5 болса, онда жоғарғы степендия 66 мың теңгедей алуға мүмкіншілігі бар.

Соңғы жылдары елімізде ғылымға экономикалық өсуді қамтамасыз етуші ресурс ретінде ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылға дейін ғылымды қаржыландыру көлемі жалпы ішкі өнімнің 1%-ін құрауы тиіс.

Бейбіткүл Кәрімова, Қорқыт ата атындағы қызылорда университетінің басқарма төрағасы:

- Осы тұста 15 өңірлік жоғарғы оқу университеттері академиялық артықшылық орталықтарына арналмақ. Міне, соған байланысты, бұл дегеніміз, 15 өңірлік университеттерде материалдық-техникалық базаны күшейтуге, яғни, лабораториялар жасауға арнайы қаражат бөлінетін болды. Міне, біз осындай үлкен жобаға қатысып отырмыз.

Ғылым мен білім сапасын арттыру тұрғысындағы бағыт-бағдар айқын. Ең бастысы – қолдау бар. Мұны ұстаз да, шәкірт те сезініп отыр.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхаммед Байділдаев