Тәрбиешілердің 27%-сінде осы салада нақты білім жоқ – ҚР БҒМ

Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Хабар 24.

«Ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз етеді», – деді Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілердің 27%-де осы салада нақты білімі жоқ. Тек 51%-і ғана тиісті квалификациялық санаттарын өзгерткен. Сондықтан биыл ведомство іске асыратын мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделінде осы бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі.