Қазақстандық студенттің стартапы Оңтүстік Кореяда үздік шықты

Қазақстандық студент бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Артур Шин бизнес-идеялар байқауында жеңімпаз атанды. Сайысқа 70-ке жуық адамның басын біріктірген сегіз топ қатысты. Артур жүкті әйелдерге арналған пайдалы жиынтықтар идеясын ұсынған. Олардың ішінде витаминдер, кремдер және белдіктер бар. 3-4 жылдан кейін бұл идеяны Қазақстанда жүзеге асыру жоспары бар. Ол үшін арнаулы онлайн платформа әзірлейді. 19 жастағы Артур Шин Сеулге Алматыдан барған. Қазір Кореядағы университеттің 2-курс студенті.

Артур Шин, студент:

Қазақстандағы өмір сапасын жақсарту үшін не ойлап табуға, нені енгізуге болатыны мені қатты қызықтырды. Кореяда маған мемлекет тарапынан жасалған үлкен медициналық көмек өте ұнады. Президентіміз айтқандай, біз жаңа Қазақстанды саламыз.