Қаңтардағы ҰБТ бір айға созылады
Қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 125 мыңға жуық өтініш түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үміткерлер ұлттық тестілеу орталығының арнайы сайтына тіркелді. Кеше басталған ҰБТ 10 ақпанға дейін жалғасады. Ал Астанадағы тестілеу орталығында бүгін жоғарғы оқу орнына шартты түрде қабылданған 44 студент ақылы сынақ тапсырып жатыр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, тіркелу кезінде студенттер емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды. Тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев кестелері барлық талапкер үшін компьютер экрандарында қолжетімді.
Айгүл Жұмабекова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
- ІТ салдасының мамандықтарға бейіндік пән математика және информатика болып өзгерді. Биыл енді бізде жалпы өзгерістер жоқ. Бірақ Қазақстан тарихында тестілеу сұрақтарының саны 20-ға өзгерді, бұрын 15 болды. Ал оқу сауаттылығының сұрақтары 15 сұраққа дейін қысқартылды.
Меруерт Морякова, облыстық ПД ресми өкілі:
- Жаркент қаласында үш айлық нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы, үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жарияланбайды.