Нұр-Сұлтаннан шығатын республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді
- 184
- UPD: 17:55, 02.01.2021

Елордадан шығатын барлық республикалық маңызы бар тас жол бағыттары бойынша бірқатар шектеу енгізілді.
18:00-ден бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық тас жол бағыттары бойынша қоғамдық көлік пен дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.