Талдықорған-Үшарал бағытында жол жабық тұр

Талдықорған-Үшарал бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Оның ішінде қалаларалық автобустар мен жеңіл көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Күн райының қолайсыздығынан Қапал-Арасан шипажайына қатынайтын жол жабылды.

Көктөбе ауылына дейінгі аралықта ұйытқыған боран соғып тұр. Ақтүтек салдарынан таяқ тастам жер көрінбейді. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдай департаментінің өкілдері тұрғындардан аталған бағытта сапарға шықпау керектігін ескертеді.