424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аптап, жаңбыр, найзағай: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

  • 294
  • UPD: 21:47, 26.06.2021
Аптап, жаңбыр, найзағай: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

26-28 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда күтіледі: Қырғыз Алатауы: солтүстік-шығыс желі, кей жерлерде 15-20 м/с. Батыс Алтай: кей жерлерде аздаған жаңбыр, найзағай. Тарбағатай: кей жерлерде аздаған жаңбыр, найзағай.

Күндіз 27-29 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. 27 маусымда кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: күндіз 27 маусымда 40 градус қатты ыстық күтіледі.

27 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 38 градусқа қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтобе қ.: күндіз найзағай болады, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с күтіледі

27 маусымда таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Көкшетау қ.: күндіз 27 маусымда найзағай күтіледі.

27 маусымда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

27 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Таңертең кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

27 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Түнде және тәңертең 27 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт кауіпі сақталады. Қарағанды қ.: түнде және тәңертең 27 маусымда тұман күтіледі.

Күндіз 27-29 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 28-29 маусымда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық сақталады.

27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы