Азық-түлік, газ, такси қызметінің бағасын көтеру: жедел желі іске қосылды

Қазақстанның барлық өңірінде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі іске қосылды.

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Көрсетілген нөмірлерге хабарласып, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге, азық-түлік, газ, бензин, дизель отынына, такси қызметтері мен агрегаторлар қызметіне бағаны көтеру фактілері бойынша өтініш қалдыруға болады. Ал Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары байланыстың тұрақсыздығына байланысты агенттіктің қауырт желі телефонына хабарласа алады.