Елорда әуежайында ұшақ бортында қару алып жүру үшін ақылы қызметтің күші жойылды

Елорда әуежайында әуе кемесінің бортында қару алып жүру бойынша ақылы қызметтің күші жойылды.

Былтыр шілдеде «Қансонар» республикалық аңшылар қауымдастығы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне хат жазып, ұшақта қару-жарақ алып жүру үшін 15 000 теңге қосымша ақы алынатынын хабарлады. Авиакомпаниялар бұл қызметтің құнын әуе билетінің бағасына қосқан. Жолаушылар 2 рет төлем жасауға мәжбүр болған. Агенттік елордадағы әуежайдың мұны жеке қызмет түрі ретінде монополияға қарсы органмен келіспегенін анықтаған. Сот әуе кемесінде қару-жарақ алып жүру бойынша ақылы қызметті алып тастау туралы шешім шығарды. Шешім әлі күшіне енген жоқ.