Теңге депозитінің 10% өтемақысын кімдер алуға құқылы?

Ұлттық банктің ресми сайтында теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасына қатысты қазақстандық салымшылардың сұрақтарына жауап жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен теңге депозиті бойынша 10% өтемақы алуға кімдер құқылы?

«Салым сомасының 10% көлемінде өтемақы алуға қазақстандық банктің әр салымшысы, яғни жеке тұлғалардың да, сол сияқты жеке кәсіпкерлердің де құқығы бар. Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан кешіктірілмей ашылған және осы мерзімге қалдық сомасы болған теңгелік салымдар бойынша төленеді. 2022 жылдың 23 ақпанынан бастап келесі 12 айда, яғни 2023 жылдың 24 ақпанына дейін депозитті банкте сақтау – өтемақы төлеу үшін міндетті талап», - деп жазылған Ұлттық банк жауабында.