Еліміздің солтүстігінде көктайғақ болады

Еліміздің солтүстік өңірінде жаңбыр мен қар жауып көктайғақ күтілуде.

Қазгидрометтің болжауынша бүгін Қостанай облысында жауын-шашын болады, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Ақмола және Павлодар облысында күні бойы жауын-шашын.  

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тұман түседі. Астана қаласында жаңбыр, қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.