Өсімдіктер көмірқышқыл газын оттегіге айналдырады, көзді қуантып, интерьерге сән береді. Сондай-ақ олардың кейбірі ауаны зиянды заттардан тазартып қана қоймай, күйзелісті емдейтінін білесіз бе? Олай болса, әр үйде болуы тиіс гүлдер туралы білу артық болмас. Хлорофитум – ауаны тазартады, ылғалдылық деңгейін арттырады. Алоэ вера – жаралар мен күйіктерді емдеуге көмектеседі. Сансевиерия – ауаны зиянды қоспалардан тазартады. Фикус – үйге көшеден кіретін немесе жиһаздар мен әрлеу материалдарынан шығарылатын фенол мен бензолды жояды. Бегония – ауру қоздырғыштарын өлтіретін фитонцидтерді шығарады. Герань – бактериялар мен вирустарды, жәндіктерді жояды, адамды тыныштандырады. Кактус – электромагниттік өрістерден қорғайды.