loader


Үй қашан арзандайды?

Соңғы күндері тұрғын үй нарығына қатысты түрлі пікір көбейді. «Үй бағасы арзандай ма», «жаңа ипотекалық бағдарламалар бола ма» деген тақырыптар қызу талқылануда. Бұл қаншалықты рас? Сарапшылар не дейді?

Екі жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда қазір үйлер екі есе қымбаттаған. Баға өсімі 17 өңірде де байқалыпты.

Үй қашан арзандайды?

Krisha.kz мәліметі бойынша ең қатты өсім Семейде тіркелген. Абай облысының орталығындағы пәтерлер 16 процентке қымбаттап, шаршы метрі 349 мың теңгеге жеткен. Екінші орында 12 пайыз өсіммен Ақтөбе қаласы. Ондағы шаршы метр бағасы 270 600 теңге. Үшінші орында Павлодар. Мұнда өсім шамамен 10 пайыз. Шаршы метр бағасы 360 мың теңгеге жеткен. Курсив порталының хабарлауынша, құрылыс компаниялары да, риэлторлар да қазір пәтерлердің былтырғыдай қарқынды сатылып жатпағанын айтады. Тұтынушылар тарапынан сұраныс бәсеңдеген. Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің айтуынша, зейнетақы жинағын пайдалану аяқталды. Түрлі жеңілдетілген бағдарлама да соңына таяп келеді. Бірақ соған қарамастан үй бағасы арзандай қоймайды.

Тұрғын үй нарығы ақша жымқыру жолына айналды

Баспана құны төмендеу үшін көлік пен пәтерлерді қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салу керек дейді сарапшы. Бұл ойды президент бірнеше жыл бұрын айтқан. Өйткені жылжымайтын мүлік ақша жымқырудың ең тиімді жолы. Егер қолма-қол ақшаны банкке апарса, онда қаржының қайдан алынғанын сұрай бастайды. Ал құрылыс компанияларына ол маңызды емес. Заң бойынша да құрылыс компаниялары баспанаға ақшаның қайдан алынғанын сұрауға міндетті емес. Осылайша түсініксіз жолмен жиналған үлкен сомалар заңдастырылады. Сарапшының сөзінше, дамыған елдерде сіз қолма-қол ақшамен машина да, пәтер де сатып ала алмайсыз. Егер Президенттің ұсынысы қабылданса, жылжымайтын мүлік нарығынан, қарапайым емес сұраныстың 15-тен 35%-не дейін алып тастауға болады.

ГРАФИКА

Соңғы айларда елдегі инфляцияны азық-түлік тауарлары көбірек үдетті. Бірақ олармен қатар қызмет түрлері де қымбаттады. Мәселен, шілде айында көлік қызметтеріне бағаның күрт өскені байқалды. ((ГРАФИКА)) Теміржол көлігі қызметтері бірден 15,9% - ке қымбаттады. Әуе көлігінің құны бір айда шамамен 15%-ке өсті. Бірақ жаздың басында әуе билеттерінің қымбаттауы маусымдық құбылыс екенін қосу керек. Күнделікті тіршілікке қажет тауарлардың бағасы да шарықтап кеткен. Жыл бысанан бері ақ сабын 35%, кір сабын 54%, дәретхана қағазы 30%-ке қымбаттаған. Тұрмыстық техниканың да бағасы өскен. 

Ұлыбритания экономикасы тоқырау алдында тұр

Ұлыбритания экономикасы тоқырау алдында тұр. Халықаралық валюта қорының жаңартылған болжамы бойынша ел экономикасы биыл 3,2% - ке өседі, ал келер жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі тек 0,5%-ды құрайды. Бұл ең ірі индустриалды елдер арасында ең төмен көрсеткіш. Өйткені екі таңбалы инфляция және өсіп келе жатқан пайыздық мөлшерлемелер халық шығынын қысқартады. Сонымен қатар ұлттық экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институтының бағалауы бойынша қолдағы табыс биыл  азаяды. Алдағы уақытта ол пандемияға дейінгі кезеңнен 7% төмен болады деген болжам бар. Англияда тұтыну инфляциясы шілдеде 40 жылдық рекордты жаңартып 9,4%-ға жетті. Ағылшын банкі инфляцияны 2% мақсатты деңгейге қайтару үшін пайыздық мөлшерлемелерді бір реттік өсуіне дайындалып жатыр. Осылайша Ұлыбритания экономикасы құлдыраумен қатар жоғары инфляция болған кезде стагфляцияға, яғни тоқырауға жақын тұр дейді мамандар.

Сондай-ақ...