Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Елде электр энергиясы қымбаттайды. Мөлшерлі есеп 4 процент. Жауапты ведомствода тиісті бұйрық шықты.

25 наурызға дейін құжат талқылауда болады. Электр энергиясының құны кәсіпорындардың отын мен жабдыққа кететін шығындарына байланысты өсіп отыр. Айтпақшы, өткен жылы пандемия салдарынан елде энергияны тұтыну 7 процентке азайған. Тиісінше кәсіпорындар кірістің бір бөлігін жоғалтты. Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсуі шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ саланы одан әрі дамыту үшін қажет.