Мексикада мұнай-химия кешенінде апат болды

Мексиканың шығысындағы Веракрус штатындағы Морелос мұнай-химия кешенінде апат болды, нәтижесінде төрт адам жарақат алды.

Қазір кешен жұмысы тоқтап тұр. Бұл туралы кәсіпорын тиесілі Pemex мемлекеттік мұнай-газ компаниясы Twitter-де хабарлады.

«Морелос мұнай-химия кешені турбогенераторлар учаскесінде электрмен жабдықтау проблемаларына байланысты жұмысын тоқтатты», - делінген хабарламада.

Кешеннің қызметкерлері будан күйген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Апат себептері әзірге белгісіз.

Бұған дейін дәл осы компанияға тиесілі зауытта алты жарылыс болғанын хабарлағанбыз.