«Жетісай» мен «Шардара» газ өлшеу станцияларының құрылысы аяқталды

Түркістан облысындағы «Жетісай» мен «Шардара» газ өлшеу станцияларының құрылысы аяқталды. Бірегей кешен заманауи құрылғылармен жабдықталып, жоғары дәлдік пен сапаны анықтауға мүмкіндік береді. Яғни Өзбекстан аумағынан ел ішіне өтетін магистральді газ құбырларын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның арқасында бақылау күшейді.

Алғашқы заманауи газ өлшеу станциясы пилоттық режимде іске қосылды. Мұнда жоғары дәлдікпен есептеудің жаңа моделі орналастырылған. Енді мамандар алып кешенді онлайн бақылып, газ сапасын саралаудың жоғары мүмкіндігін алды.

Абай Байқұлов, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ директорының бірінші орынбасары:

- ЗИГ деген фирма германский бұл енді қазір дүние жүзіндегі №1 өлшеу құралы болып есептеледі. Мұндағы өлшеу принципі ультрадыбыстық әдіс. Осы счетчиктің ішінде төрт лазерный луч өтіп жатқан потокты өлшеп, газдың өтім көлемін нақты есептеп шығарып береді. Бұл счетчиктің погрешності 1 проценттен аспайды.

Енді мамандар сұйық отынды сүзгіден өткізіп, халықаралық стандарттың шеңберінде қабылдайды. Қысымы қатты газдың құрамындағы өзгерістер мен кемшіліктерді онлайн бақылап, цифрлы технологияның көмегімен тексереді. Шалғай аймақтан салынған станцияға жол, жарық, су мен кәріз жүйесі де тартылды.

Ернұр Ибраев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ директоры:

- Осы станциялар бойынша біз газ жайында нақты мәлімет алып отырамыз. Онлайн режимде нақты химиялық составын алып отырамыз. Және ешқандай түсінбеушілік екі мемлекеттің арасында болмайды. 

Бұған дейін есептеу аймағы көрші елдің аумағында жүргізілген еді. Бірақ ондағы өлшеу станциясы ескіріп, тозығы жетті. Ал «Шардара» станциясының жаңа мүмкіндіктері екі елдің де сала мамандарын қуантып отыр. Елді мекеннен шалғай орналастырылып, жұмысшыларға жайлы орын қарастарылған.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Азамат Саметов, Нұрмахан Бекмұратов