Тауардағы бірыңғайлық кімге пайда әкеледі?

Маңызды тауарлардың тізімін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Бірыңғай тауар номенклатурасының жаңартылған нұсқасымен сәйкестендіру туралы шешім қабылданды. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мақсат Халық, экономист:

– 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа тауар номенклатурасын сәйкестендіру бойынша шешім қабылданып отыр. Бірден айту керек, алдағы жылдарда да осындай сәйкестендіру жасалған болатын. Бұл жерде әр мемлекеттегі  өндіріліп отырған тауарлар тізімі айқындалады. Және сол тауарлардың бағасы сәйкестендірілуі қажет деген шешім. Осы жағдайлардың біздің ел экономикасына қалай әсер етіп келгенін біз көріп отырмыз. Көптеген тауарларды антимонополиялық комитет бақылаудан шығарып отыр. Яғни, кейбір тауарлардың қатты шарықтауы орын алып жатса да, комитет оны реттей алмайды. Себебі одақ аясында ортақ бағаға келу керек деген шешім бар. Демек алдағы уақытта тағы да жаңа тауарлардың тізімі бекітіледі. Бұл да белгілі дәрежеде сол тауарлардың бағасының өсіміне алып келетіні сөзсіз. Себебі, Қазақстанда осы ЕАЭО мемлекеттерінің арасында көптеген тауарлар бағасының сәл төмен екені белгілі. Сол бағалар алдағы уақытта өсетін болады.

Сондай-ақ...