Дубайдағы EXPO көрмесі аяқталды

Дубайда халықаралық ЭКСПО көрмесі аяқталды.

Биыл әлемдік шараға 192 мемлекет қатысып, тарихы мен мәдениетін, үздік жобалары мен тың технологияларын таныстырды. Ондағы кереметті тамашалауға дүние жүзінен бас-аяғы 23 миллиондай адам барды. Солардың 2 миллионнан астамы Қазақстан павильонына бас сұғып, оң бағасын берген. Көрме қорытындысы бойынша бізді елдің көрмесі ең үздік екінші павильон атанды. Бірінші орынды Германия, ал үштікті Италия түйіндеді. EXPO Awards жүлдесін тапсыру сәтінде ұйымдастырушылар Қазақстан павильоны көрме тақырыбын аша түскені айтылды.