Бизнес алаңсыз жұмыс істеуі керек – Премьер-министр

Бизнес алаңсыз жұмыс істеуі керек. Ал мемлекеттік органдар бақылауды емес, үйлестіруді күшейтуі тиіс.

Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік бақылау салаларын автоматтандыру жөніндегі кеңесте осылай деді. Сала автоматтандырылса, елеулі бұзушылықтарға жол беретін кәсіпкерлік субъектілері ғана тексеріледі. Бүгінде құзырлы министрлік 57 қызмет түріне талдау жасап, ақпарат жүйелерінің бар-жоғын анықтады. Қазір мемлекеттік бақылау салаларын реинжинирингтен өткізу бойынша ұйымдастыру-рәсімдік іс-шаралар кестесі әзірленіп жатыр.