Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 20%-ке жетуі мүмкін

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел азаматтарының қаржысын азайту емес еселеу мақсатында бірқатар жұмыс істеліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ақшаның сақталуы үшін макроэкономикалық тұрақтылық керек. Зейнетақы қаржылары құнсызданып кетпеуі үшін инфляцияның өсуі мәжбүрлі процесс екенін айтты. Сондай-ақ Ұлттық банк болжамы бойынша жыл соңына дейін инфляция проценті 20-ға дейін жетуі мүмкін.

Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Бағаның қатты өсуі біріншіден, әлеуметтік жағдайы қиын отандастарымызға ауыр тиеді. Сондықтан тек қана Қазақстанда емес бүкіл дүниежүзінде экономикалық өсудің баяулауына қарамастан, бірінші орында мына инфляцияны, бағаның өсуін азайту бірінші орынға шығып отыр. Сол себептен біздің елде де дәл қазір айтарлықтай қиын шешімдер қабылдауға тура келеді. Олай істемесек, ертеңгі күні халықтың жинаған қаржысы, зейнетақы қаржылары құнсызданып кету қаупі бар.