Орал қаласында даму ерекшеліктері бар 10 жасөспірім жергілікті колледждердің бірінде бес ай оқып, «Киім және аксессуарлар декораторы» бағыты бойынша мамандық алып шықты.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі 200 жас офицермен толықты. Түлектерді шығарып салу рәсімі Алматыдағы шекарашыларды дайындайтын академияда өтті.
Алматы облысында «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтіп жатыр. Қымыздың қасиетін әспеттеген шара барысында спорттық жарыстар, қолөнер көрмелері мен дәстүрлі ойындар өтеді.
Алматы облысының Үлкен ауылындағы Балқаш көлінің жағасында демалуға жағдай жасалмаған. Жағажайға апаратын жолдың да сапасы сын көтермейді. Жарық пен таза су жоқ.