Перуде құтқарушылар көлігі суға батқан азаматты аман алып қалды

Қазір бұл елдің оңтүстігі су тасқынынан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған толассыз нөсер себеп. Ал мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы күндері жауын тоқтамайды деп отыр. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді. Қазір апаттан зардап шеккен өңірлерде тасқын салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.