«Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі кейінге қалдырылды

АҚШ-та «Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты 31 қаңтардан 14 наурызға ауыстырылды.

«Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен, орындаушылармен болған талқылаулардан кейін біз 63-ші марапаттау рәсімінің трансляциясын 2021 жылдың 14 наурызына ауыстырамыз», - деп жазды ұйымдастырушылар Twitter парақшасында.

Айта кетсек, алғашқы «Грэмми» марапатын табыстау рәсімі 1959 жылы 4 мамырда өткен.

Еске салсақ, қазақстандық диджей Imanbek-тің (Иманбек Зейкенов) «Roses» әніне жазылған трек-ремиксі «Грэмми» сыйлығына үміткер.

Грэмми-2021: номинанттар тізімі жарияланды