Сарапшылар: АҚШ-та коронавирустың «америкалық» түрі пайда болды

Австралияның Квинсленд штатында коронавирустың жаңа штаммы табылуына байланысты билік өкілдері елге кіру тәртібін күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді елге келмек болғандар міндетті түрде теріс нәтижелі анықтама ұсынуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Австралияда карантин мерзімі аяқталады. Дегенмен, елдің ең ірі үш қаласында вирус жұқтыру деректері әлі де тіркеліп жатыр.  

Глэдис Береджиклян, Оңтүстік Жаңа Уэльс штатының премьері:

- Пандемия уақытында әрбір туристте вирусты тарату қаупі бар. Сондықтан сақ болғанымыз жөн. Сарапшылардың сөзіне сенсек, коронавирустың жаңа штаммының таралу қарқыны үдейе түседі.

Өз кезегінде Ақ үй сарапшылары АҚШ-та коронавирустың «америкалық» түрі пайда болды деп отыр. Айтуларынша, жаңа штамм алдыңғысына қарағанда әлдеқайда жұқпалырақ келеді екен. Ал Калифорния билігі болса, ауруханаларда бос орын жоқ деп дабыл қағуда.

Роберт Голдберг, дәрігер:

- Ауруханаға түсіп жатқан науқастар өте көп. Бәрін бірдей төсек-орынмен қамту мүмкін болмай тұр. Әйтеуір вирус жұқтырғандарды қалай емдеу керегін білетініміз қуантады.

Германияда да жағдай күрделі. Бір тәулікте мыңнан астам адам бақилық болған. Билік өкілдерінің дерегінше, елде коронавирустан әр минут сайын бір азамат көз жұмады екен. Өз кезегінде Германия канцлері Ангела Меркель алдағы апталарда елдегі ахуал одан сайын ауырлай түсетінін ескертті.

Сондай-ақ...