Ливанда 11 күнге коменданттық сағат режимі жарияланды

Ливан 11 күнге толықтай жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде коменданттық сағат режимі жүреді. Мекемелердің барлығы дерлік жұмысын тоқтатады. Білім мекемелері қашықтан оқыту режиміне көшеді. Ал қажетті азық-түлікті тек тапсырыспен, жеткізіп беру қызметі арқылы алуға болады. Тұрғындар сыртқа тек төтенше жағдайда ғана шыға алады. Оның өзінде бір сағатқа ғана рұқсат беріліп отыр. Билік өкілдерінің мұндай қатаң шараға баруына елде коронавирус жұқтыру деректерінің күрт артуы себеп болып отыр. Науқастардың көптігі сонша, ауруханаларда бос орын қалмаған. Өткен аптада тәуліктік рекорд тіркелді. 5,5 мыңдай азаматтан вирус анықталды.