Испанияда бір күн ішінде 40 мың адам вирус жұқтырған

Коронавирус індеті Еуропа елдерінде дес бермей тұр.

Аурудың таралуы бәсеңдесмей, керісінше қарқын алып барады. Мәселен, Испанияда соңғы бір күннің ішінде 40 мың адам инфекция жұқтырған. Бұл пандемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Бұған қарамастан елде жаппай локдаун жарияланған жоқ. Елдің денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның жетіспей жатқанына қарамастан жазға қарай халықтың басым бөлігіне екпе егіледі деп сеніммен айтып отыр.

Сальвадор Илла, Испанияның денсаулық сақтау министрі:

- Аурудың үшінші толқыны кезінде аймақтағы төтенше жағдай режимі өз күшінде қалады. Егер қажет болса, қосымша шараларды қолға аламыз. Бұл елдің автономды аудандарының билік өкілдерімен бірлесе шешіледі. Індеттің екінші толқынын локдаунсыз жеңіп шықтық. Бұл жолы да бәрі жақсы болады деген үміттемін.

Сондай-ақ...