АҚШ-та халықты жаппай вакциналайтын орталықтар ашылып жатыр

Соның бірі – Бостондағы Фенуэй саябағы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы орталық ресми түрде алдағы дүйсенбіде ашылатынына қарамастан, адамдарды егу басталып кеткен. Жалпы Америкада бүгінге дейін 23 миллионға жуық адам екпенің бірінші дозасын алып үлгерді. Билік басына келген Байден әкімшілігі 100 күнде 100 миллион адамды вакциналауды жоспарлап отыр. Сарапшылар жазға таман балаларды егу де басталуы мүмкін дейді.

Энтони Фаучи, жұқпалы аурулар бойынша сарапшы:

– Алдағы айларда біз осыған қатысты бірқатар тәжірибе жүргізетін боламыз. Көктемде, не жаздың басына дейін азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының кеңестеріне қарай балаларға вакцина сала бастаймыз деп ойлаймын.