АҚШ-та екпе алғандар саны вирус жұқтырғандардан көп

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны індет жұқтырғандардан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Блумберг агенттігі хабарлады. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, мұнда вирусты жұқтырудың расталған деректері 26 миллион 300 мыңнан асады. Ал ресми дерек басқа. Екпе алғандар 26 жарым миллион деп көрсетілген. Негізі бұған дейін президент Джо Байден вакциналау бағдарламасын қатаң сынға алған болатын. Осы ретте билік сатып алынатын препараттың санын көбейткен. Сөйтіп, бүгінде мұнда күніне шамамен бір миллион 300 мыңдай адамға екпе салынып жатыр. Осы күнге дейін препараттың екі бірдей дозасын халықтың шамамен 2 проценті алып үлгерген.

Энтони Фаучи, АҚШ бас инфекционисті:

– Екпе салдырамын-салдырмаймын деп ұзақ ойланбай, бірден іске көшіңіздер. Уақыт жоғалтпау керек. Өйткені бұл вирустың ары қарай мутацияға ұшырауына кедергі болады. Сонда вакцина салдырып, өзіңізді ғана қорғап қалмайсыз. Сонымен қоса елімізде вирустың жаңа штамдарының пайда болмауына да көмектесе аласыз.

Сондай-ақ...