Қытайда балықшы кемесінің апатынан 11 адам қаза тапты

Қытайдың Аньхой провинциясындағы көлде балық аулайтын кеме суға батып, салдарынан 11 адам мерт болды.

Ақпаратқа сәйкес, тағы үш балықшы құтқарылған. Боху көліндегі қайғылы оқиға кезінде кеме бортында Сусун уезінің 14 тұрғыны болған.

Полиция мен жергілікті төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаза тапқандардың мәйітін іздеу жұмысын аяқтады.

Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Xinhua