Қытайда мерекелік сауда-саттық қызды

Коронавируске қарамастан Қытайда сауда-саттық қызып тұр. Мәселен, 20 қаңтардан бері елдегі онлайн сауда көлемі 700 миллиард юаньға жетті.

АҚШ валютасына шаққанда бұл шамамен 110 миллиард доллар. Белгілі болғаны, тұтынушылар интернет арқылы көбіне азық-түлік пен сыйлық сатып алады. Сонымен қатар мейрамханадан дайын асқа да көп тапсырыс түседі.

Айта кетейік, қазір Қытай Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр.

Чэнь Айхун, Бейжіңдегі «Мэйчжоу Дунпо» мейрамханасының директоры:

- Биыл біз клиенттерімізге бес түрлі мерекелік кешкі ас ұсындық. Солардың үшеуіне сұраныс өте жоғары. Біріншісі, 3-4 адамнан тұратын отбасыларға арналса, екіншісі, ата-әжесі бар жанұяларға арналған. Ал соңғысын көбіне 10 адамнан тұратын топтар алады. Әзірге қанша сомаға сауда жасағанымызды есептемедік. Өйткені қызметтің бұл түрі жаңа жылдық мереке аяқталғанша жұмыс істейді.