Бразилияда сауық кештерін жасырын өткізетіндер жиілеген

Бразилияда осы күндері жыл сайын карнавал өтетін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда биыл коронавирусқа байланысты барлық ойын-сауық шараларына тыйым салынған. Немесе онлайн форматта өткізуге кеңес берілді. Билік ережені бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынатынын ескертті. Алайда соған қарамастан Рио-де-Жанейрода карнавалға орай сауық кештерін жасырын түрде өткізетіндер жиілеген. Әсіресе үйде жиналатындар көп. Өйткені полицейлер оның аумағына арнайы ордерсіз өте алмайды. Ережені елемейтіндер осы жағдайды өз мүддесіне пайдаланатын көрінеді. Бұл ретте қазір қалада рейд күшейтілен. Ал мамандар жасырын кештер кесірінен вирус қайта өрши түседі деп топшылап отыр. Негізі Рио-де-Жанейро қызыл аймаққа жатады. Сорақысы сол, мұнда вакцина қоры таусылған. Сол себепті екпе салу жұмыстары келесі аптаға дейін уақытша тоқтатылды.   

Бренно Карневале, полиция қызметкері:

– Сауық кеш ұйымдастырушысы есігін ашпай қойды. Тіпті адвокатын да шақыртқан. Алайда кейін біздің талаптарымызға құлақ асып, жиылған жұртты үйлеріне қайтарды. Әйтпесе сауық кеші таңға дейін жалғасар еді.

Сондай-ақ...