417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехия билігі санитарлық талаптарды қатаңдатты

  • 63
  • UPD: 16:02, 23.02.2021
Чехия билігі санитарлық талаптарды қатаңдатты

Жаңа ережеге сай халық 25 ақпаннан бастап дүкенде, ауруханада, қоғамдық көлік пен аялдамаларда респиратор, наномаска немесе медициналық бетперденің бірден екеуін тағуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, бұндай шешім елде британдық штамының тез таратуына байланысты қабылданды. Алайда билік тарапынан қаржылай өтемақы қарастырылмаған. Сарапшылардың есебінше, бір отбасы респиратор сатып алу үшін айына шамамен 93 АҚШ доллары жұмсайтын болады.

Естеріңізге салайық, Чехияда жарияланған төтенше жағдай режимі әлі де өз күшінде. Сонымен қатар қазір елдің шығысындағы эпидахуалы нашар 3 ауданға кіріп-шығу тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы