АҚШ-та Johnson & Johnson вакцинасын қолдануға рұқсат берілді

Бүгін АҚШ-тың дәрі-дәрмек және азық-түлікті қадағалау басқармасы COVID-19 вирусына қарсы үшінші вакцинаны қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы екі вакцина Pfizer және Moderna компанияларына тиесілі. Ал екпенің жаңа түрі  Johnson & Johnson компаниясының вакцинасы және де оның тиімділігі – 72 процент. Алғашқы екі компанияның екпелерінен айырмашылығы – бұл бір дозалық вакцина. Өндіруші компания наурыздың соңына дейін 20 миллион, ал маусымның аяғына дейін 100 миллион дозаны өндіруге қауһарлы екендігін мәлімдеді. Вакцинаның жаңа түрі індетпен күресуде ерекше үлес қосады дейді мамандар.  Естеріңізге алайық, Johnson & Johnson компаниясының вакцинасын АҚШ үкіметі әр дозасын 10 АҚШ долларына бағалайды.

Энтони Фаучи, иммунолог:

- Бұл вакцинаның тиімділігі – 72 процент. Бірақ қазіргі жағдайда бұл көрсеткіш вируспен күресуге жеткілікті. Вакцинаны қабылдағандардың арасында қайтыс болғандар немесе ауруханаға жатқызылғандар болған жоқ. Сондықтан да Pfizer немесе Moderna екпелерінің 94-95 проценттік тиімділігіне жетпесе де, індетті тоқтатуға шамасы келеді. Сонымен қатар бұл екпені бір-ақ рет қабылдайсыз. Әрі Johnson & Johnson вакцинасының бағасы салыстырмалы түрде қымбат емес.