Германияда шаштараздар жұмысы жанданды

Германияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі шаштараздар қайта ашылып, жұмысы жандана бастады. Бірақ адамдар сән салонына бару үшін алдымен ПТР-тест тапсыруы қажет.

Әнел Еділқызы, тілші:

- Германиядағы шаштараздар 74 күн бойы жабық болды. Енді ашылған салондарда кезек толы. Шаш алдырмағанына бір ай болған Дуйсбург тұрғыны тіпті кезектегі бірінші орынды 500 еуроға сатып алған.

Саманта, келуші:

- Соңғы рет мен шаштаразда өткен жылдың қараша айында болғанмын. Мен өз шеберлеріме келгеніме өте қуаныштымын. Енді сән салондары қайта жабылмайды деп үміттенемін.

Берлинде 3 мың шаштараз жұмысын қайта бастады. Оның бірі Альпана Азараның сән салоны. Бір күн ішінде ол 20 адамға қызмет көрсетпек.

Альпана Азара, шаштараз иесі:

- Бұрын бізде шаш алу бағасы 60 еуро болған, қазір 50 еуроға дейін төмендеттік. Себебі, пандемия кезінде сән салоны жабық болды. Ал енді бізге жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде наурыз айының соңына дейін кезек орнады. Барлық шаралар әлеуметтік арақашықтықты сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, сұлулық салонында барлық санитарлық талаптар сақталған. Келушілермен қызметкерлер міндетті түрде медициналық маскамен болуы қажет.

Авторлары: Әнел Еділқызы, Шолпан Найманбаева