«Люфтганза» компаниясы былтыр 6,2 млрд еуродан астам шығынға батқан

Германиядағы «Люфтганза» компаниясы былтыр індеттен алты миллиард жеті жүз мың еуро шығынға батқан. Бұл туралы бірлестік басшысы Карстен Шпор мәлім етті. Оның айтуынша, індетпен күресу үшін енгізілген шектеулерден 390 мың рейстің 70 проценті тоқтатылған. Жолаушылар қарасы күрт азайған. Басшылық дағдарыстан тек 2025 жылы шығуымыз мүмкін деп отыр.

Карстен Шпор, Lufthansa компаниясының бас атқарушы директоры:

- Біз дағдарысқа қарамастан жұмысшыларымызды сақтап қалуды қалаймыз. Себебі компания қызметкерлері басты капиталымыз. Сондықтан алдағы уақыттта да жұмыс орындарын қысқартпауға күш саламыз.