ЕО-да Johnson & Johnson вакцинасын қолдануға рұқсат етілді

Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі Еуроодақта Johnson & Johnson компаниясының вакцинасын қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – ортақ аймақта коронавирусқа қарсы тіркелген төртініші вакцина. Препарат 18 жастан асқан адамдарға қолдануға рұқсат етілген. Ал зерттеулер екпе адамдардың коронавирустың орта және ауыр түрімен ауруынан 67 процентке дейін қорғайтынын көрсетті. Киникалық сынақтар АҚШ, Оңтүстік Африка және Латын Америкасында жүргізілді. Оларға 44 мың ерікті қатысты. Вакцинаның өзге екпелерден артықшылығы ол адамға бір-ақ рет салынады. Бірлестік өкілдері вакциананы сәуір айынан бастап жеткізуге дайын екенін айтады.

Пол Стоффелс, Johnson & Johnson компаниясының ғылыми директоры:

– Бізде дәрі жасайтын 3 зауыт пен препаратты құйып шығаратын 8 өндіріс орны бар. Кешенді жүйені бір ізге түсіріп, жыл соңына дейін 1 миллиард доза вакцина шығаруды жоспарлап отырмыз. Ал келесі жылы оның көлемін 3 миллиард дозаға дейін жеткізе аламыз.

Ал Дания, Норвегия және Исландия елдері Оксфорд университеті мен «АстраЗенека» компаниясы бірігіп шығарған вакцинаны қолдануды уақытша тоқтатты. Оған Данияда екпе алған бірнеше тұрғынның қаны ұйып, бір адамның қайтыс болуы себеп. Бірақ оның вакцинадан өлгені әлі нақты дәлелденбеген. Сондықтан билік тиісті тексерулер жүргізілгенше қабылданған шара уақытша екенін айтады. Бірақ Ұлыбританияның өзінде мұндай оқиға тіркелмеген.

Сорен Бростром, Дания денсаулық сақтау басқармасының директоры:

– Оның қазасына вакцина әсер етті деген дәлел жоқ. Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі де оқиғаны жан-жақты тексеру керектігін мәлімдеді. Бұл кездейсоқтық болуы мүмкін. Себебі қазір Данияда 140 мың алдам вакцина алды.