Бристольдағы наразылық шеруі қақтығысқа ұласты

Ұлыританияның Бристоль қаласында полиция туралы за жобасына қарсы тағы наразылық шеруі өтіп, қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер биліктен құжаттан бас тартуды сұрауда.

Жүздеген адам шектеулерге қарамастан алдымен қала ортасына жиналып шерулетті. Кейін полиция учаскелеріне отшашулар лақтырып, 2 көлікті жағып жіберді. Тәртіп сақшылары оларды тарату үшін күш қолданды. Екі полицей жарақат алған.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда соңғы апталарда полиция туралы заңжобасына қарсы наразылық шерулері басылмай тұр. Себебі, құжат тәртіп сақшыларының наразылық акцияларын бақылау бойынша өкілеттіктерін күшейтіп, сотқа шеруге қатысқандарға қатаң үкім шығаруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ...