Испанияның фармацевтика саласы былтыр 6,5 млрд еуро табыс тапқан

Испанияда былтыр фармацевтикалық компаниялар 6 жарым миллиард еуро пайда тапқан. Өткен жылы олар 17 мыңға жуық келісім-шарт жасаған екен.

Бұл негізінен маскалар, медициналық қолғаптар, КОВИД-тест жинақтары мен залалсыздандырыш заттарды жеткізуге қатысты.

Фармацевтикалық компаниялар мол табысқа кенелгенімен басқа салалардағы жағдай қиын. Мәселен, былтыр Испанияда жарты мыңға жуық қонақ үйі қызметін тоқтатқан. 100 мың кәсіпорын жабылып қалды. Туризм саласы да қатты зардап шеккен. Бұл сектордағы компаниялардың шығыны былтыр 80 процентке жуықтады.

Сондай-ақ...