Германия билігі Пасха мерекесінде қатаң карантин жарияламайды

Ел канцлері Ангела Меркель шектеу шараларын қатаңдату шешімі қателік болғанын мойындап, халқынан кешірім сұрады.

Естеріңізге салайық, жуырда Германия билігі Пасха мерекесі кезінде аймақтағы карантин талаптарын күшейтпек еді. Жоспар бойынша шіркеу мен өзге де орындарда жиналыс өткізіп, 5 адамнан артық топтасуға тыйым салынған, сонымен қатар азық-түлік емес дүкендердің барлығы жабылуы керекті.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Шынымды айтсам, мен бұл жолы жаңылыстым. Қате шешім қабылдағаным үшін өкінем және халықтан кешірім сұраймын.