Қытайда бариста-робот жасап шығарылды

Қытайлық Orion Star Technology Co. Ltd компаниясы Zhi Ka Master атты бариста-робот жасап шығарды.

Роботтың екі қолы бар және кәдімгі адам сияқты кофе немесе шай дайындау тәрізді күрделі тапсырмаларды орындай алады.

Құрылғыға RGB камерасы орнатылған, ал роботтың өзі нақты уақыт режимінде кері байланыс орнатуға қабілетті. Сондай-ақ роботта оның жұмысын дереу тоқтататын апаттық батырма бар.

Оның көлемі үш шаршы метрді алады.