Нигерде мектепте болған өрттен 20 шақты оқушы көз жұмды

Нигер астанасы Ниамейде мектепте өрт болып, салдарынан 20-ға жуық оқушы көз жұмды.

Бұл туралы Actu Niger басылымы жазады.

Оның мәліметінше, өрт сейсенбі күні Pays Bas ауданында орналасқан мектептен шыққан.

Әзірге қайтыс болғандар туралы нақты мәлімет жоқ. Дегенмен жергілікті тұрғындар 20 шақты оқушының жән тәсілім еткенін айтып отыр.

Қызыл жалынның неден шыққаны да белгісіз.

Сондай-ақ...